Тұрақты даму туралы есеп
миллион
сөздің
орнына
Компания туралы
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «АрселорМиттал» Тобының құрамына кіреді және Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия секторының ірі кәсіпорны болып табылады. Компания жеке көмірі, темір кені және энергетикалық базасымен қоса біріктірілген тау-кен кешенін қамтиды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның басқаруында екі жылу электр станциясы бар: Компанияның металлургиялық комбинатын және Теміртау қаласын жылу және электр энергиясымен қамтуға, сондай-ақ өндірістің қажеттілігі үшін химиялық тұзсызданған су өндіруге арналған ЖЭО-2 және комбинатты домендік үрлеумен, технологиялық бумен, электр энергиясымен және химиялық тазартылған сумен қамтамасыз ететін ЖЭО-БАС.
Компанияның негізгі активтері Қарағанды, Ұлытау, Қостанай және Ақмола облыстарында орналасқан.
Болат департаменті
Көмір департаменті
Темір-кен департаменті
«АрселорМиттал Теміртау»
АҚ өкілдіктері
Корпоративтік басқару
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ корпоративтік басқару жүйесін бизнесті ашық жүргізудің әлемдік тәжірибесі, іскери тәртіп пен іскери әдеп стандарттары негізінде жетілдіреді. Компанияда кәсіпорын қызметінің барлық бағыты бойынша тиімді басқару жүйесі жолға қойылған, ол стратегиялық шешімдерді қабылдау негізінде жатқан мәселелерді тереңінен шешуді қамтамасыз етеді.
Тұрақты дамуды басқару бойынша көзқарастың орталығында «АрселорМиттал» Тобы тұрақты дамуының 10 қағидасы жатыр.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы стратегиясы әрбір негізгі салалардың аясында қалыптасады: еңбекті қорғау және экология, адам капиталы мен жергілікті қоғамдастықтарды дамыту, корпоративтік басқару. Компанияның тұрақты даму саласындағы міндеттерімізге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға өнеркәсіптік әсерді азайту, оқыту, біздің қызметкерлерді қолдау және дамыту, мемлекеттік орган, қоғамдық ұйымдар және басқаларды қоса алғанда мүдделі тараптармен ашық өзара қызмет жатады.
«АРСЕЛОРМИТТАЛ» Тобының тұрақты дамуының 10 қағидасы мен БҰҰ тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) арасындағы байланыс
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ өз қызметінде «АрселорМиттал» Тобы деңгейінде қабылданып, 2022 жылғы қазанда жаңартылған Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі саясатын басшылыққа алады. Компанияның Денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі (ДҚжЕҚМЖ) ҚР заңнамаларымен және денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ISO 45001 халықаралық стандартының талаптарымен регламенттеледі.
Өндірістік алаңдарда тәуекелдерді анықтау, бағалау және жою бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі: жадынамалар әзірленіп, өндірістік алаңдарға аудит жүргізу кезінде ескерілмеген тәуекелдерді анықтау жүргізіледі.
Компания келесі курстар бойынша бекітілген жиілікпен қызметкерлерді міндетті оқытуды ұйымдастыру аясында заңнамалық талаптарды сақтайды: кәсіпорындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт-техникалық минимум. Бұдан бөлек, денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында үздік әлемдік тәжірибелерді, симуляторларды және оқыту стендтерін қолдана отырып, кәсіби инструкторларды тарта отырып, қосымша тренингтер жүргізіледі.
Компания бойынша қызметкерлер арасындағы өндірістік жарақаттану көрсеткіштері
Көрсеткіш | 2020 | 2021 | 2022 |
---|---|---|---|
Жарақаттардың жалпы саны, оның ішінде: | 35 | 49 | 51 |
жұмыс уақытын жоғалтумен | 32 | 38 | 40 |
адам өлімімен аяқталған | 3 | 11 | 11 |
Атқарылған адам-сағаттың нақты саны, млн адам-сағат | 45,71 | 45,02 | 48,87 |
1 миллион адам-сағатқа шаққандағы жұмыс уақытының жоғалуы тіркелген жарақаттану коэффициенті (LTIFR) | 0,77 | 1,09 | 1,04 |
1 миллион адам-сағатқа шаққандағы адам өлімі тіркелген жарақаттану коэффициенті (FAR) | 0,07 | 0,24 | 0,23 |
Климаттың өзгеруі және парник газдарының шығарындылары
Есептік кезеңде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ технологиялық қондырғыларды жаңғырту және жөндеу бойынша бірқатар жобаны аяқтап, заманауи газ тазалау қондырғысы бар екі жаңа кокс батареясын салуды бастады. Қолға алынған шараларға қоса Компания жаңартылатын энергия көздерін қолдануды қоса алғанда, атмосфераға парник газдары шығарындыларын азайтудың балама мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ парник газдарын шығарындылары бойынша табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұлжытпай сақтап, қажетті құжаттамалардың бәрін әзірлейді және парник газдары шығарындылары бойынша берілген квота көлемінен асып кетпейді.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бойынша парниктік газдардың жалпы тікелей шығарындылары есептік жылы 18,5 млн тонна СО2 - баламасын құрады.
Тікелей парниктік газдар шығарындылары, млн тонна CO2-баламасы
Департамент | 2020 | 2021 | 2022 |
---|---|---|---|
Болат | 15,08 | 14,87 | 12,89 |
Көмір | 6,81 | 5,56 | 5,58 |
Темір-кен | 0,02 | 0,02 | 0,01 |
Компания бойынша барлығы | 21,91 | 20,45 | 18,49 |
Энергия тұтыну және энерготиімділік
Компания бойынша 2022 жылғы энергия ресурстарын жалпы тұтыну көлемі 90 812,64 мың ГДж-ны құрады.
2022 жылғы энергия ресурстарын жалпы тұтыну, 90 812,64 мың ГДж, %
Қоршаған орта
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ өзінің экология саласындағы саясатының негізгі мақсатына – өндірістік процестердің қоршаған ортаға теріс әсерін үнемі төмендетуге және алдын алуға дәйекті түрде ұмтылады. Есептік кезеңде Компания Экологиялық қор аясында бірқатар шараларды жүзеге асырып, Қарағанды облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша Жол картасына сәйкес жұмыстарды орындады. 2022 жылы қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы шығындар 17,2 млрд теңгені құрады.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Теміртау қаласының айналасы мен қала ішін көгалдандыру бойынша ауқымды экологиялық жобаны жүзеге асырып жатыр. 2022 жылы қала айналасындағы игерілген 102 га жерде қауырсынбұтақты шегіршін мен шаған жапырақты үйеңкі көшеттері отырғызылды. Көгалдандыру жобасы аясында ағаш отырғызылған жердің жалпы ауданы 360 га құрайды, оның ішінде Теміртау қаласының айналасында – 344 га және қала ішінде – 16 га.
Компанияның 2022 жылғы қоршаған ортаны қорғау шығындары, %
Клиенттерге арналған кепілдік пен өнім саласындағы инновациялар
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жеткізулерді басқару көзқарасы өз жеткізушілерінің сапаның жоғары стандарттарын сақтауына, этикалық тәртіпке, экономикалық және әлеуметтік стандарттарды сақтауына бағытталған. Компания өз мойнына бірінші классты өнім өндіру бойынша міндеттемені алады, бұл үшін жаңа әлемдік технологиялар негізінде Компания мамандары әзірлеген біртұтас шаралар жүйесі жүзеге асырылады.
Отандық тауар өндірушілерден тауар сатып алу арқылы АМТ Компания қатысатын өңірлерде және жалпы Қазақстанда бизнесті дамытуға қомақты үлес қосады. Барлық департаменттер бойынша мемлекетішілік құндылықтардың нақты үлесі ел бойынша жоспарлы көрсеткіштерден жоғары.
Жергілікті жеткізушілерден 2022 жылғы сатып алу көлемі, 607,3 млрд теңге, %
Әлеуметтік сала
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ірі кәсіпорын болғандықтан, ел бойынша 31 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, тұрақты жалақы беріп қана қоймайды, сонымен бірге жұмысшылар мен олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетеді. 2022 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша Компания жұмысшыларының саны 31 042 адамды құрады. Қызметкерлердің орташа жалақысы 2022 жылы 20-30%-ға артты.
Жұмысшыларға қамқорлық көрсету мақсатында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шипажайлар мен демалыс үйлеріне жолдама береміз, сондай-ақ жыл сайын жұмысшылардың балалары үшін жазғы сауықтыру лагерлерінде демалыс ұйымдастырады. Компания жұмыс орындарында еңбек жағдайларын жақсарту үшін денсаулық қорғау шаралары бағдарламасын жүзеге асырып, денсаулық пункттерін қажетті жабдықтар мен қондырғылармен қамтамасыз етеді.
2022 жылы «STEM» жобаларға 120 млн теңгеден астам қаржы инвестицияланып, бенефициарлар саны 4 600-ден астам адамды құрады (Абай қаласындағы оқушыларға арналған STEM-зертханаларды қоса алғанда). «STEM» корпоративтік жауапкершілік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2022 жылы ЖОО, кәсіптік және техникалық колледж студенттері АМТ бөлімшелерінде өндірістік тәжірибеден өтті: болат департаментінде 881 студент, көмір департаментінде 400 студент, темір-кен департаментінде – 139 студент, оның ішінде дуальды оқу формасы бойынша – 7 колледжден 400-ден астам студент өндірістік тәжірибеден өтті.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ өзі қатысатын аймақтарды абаттандыру және инфрақұрылымын дамыту жобаларына қаржылай қолдау көрсетеді, білім беру, медициналық, мәдени және спорттық мекемелерін қолдайды, сонымен қатар соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға, балалар үйлері мен халықтың әлеуметтік осал топтарына ақшалай және тауар формасында қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетеді. Есептік жыл үшін әлеуметтік жобаларға 2022 жылы 2,6 млрд теңге жұмсалды.
2022 жылы қызметкерлерді әлеуметтік қолдау түрлері, 42,80 млрд теңге, %